Ыстамбұлда Түркия президенті Ердоған мен Пашинян тарихи кездесу өткізді

1100
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Fg2qI5RRjkZg5Xi6HOPHBMBLeRoJqJRQJC1Gwplu.jpg

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен Армения премьер-министрі Никол Пашинян Ыстанбұлда екіжақты келіссөз өткізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл кездесуді Армения парламентінің төрағасы Ален Симонян тарихи оқиға деп бағалап, Пашинянның Түркияға жасаған алғашқы ресми сапары екенін атап өтті.

Пашинян Түркияға Ердоғанның арнайы шақыруымен келген. Кездесу Долмабахче сарайында өтті. Келіссөз барысында тараптар Түркия мен Армения арасындағы қатынастарды қалыпқа келтіру жолдарын, аймақтағы тұрақтылық пен бейбітшілікті қамтамасыз ету мәселелерін, сондай-ақ Оңтүстік Кавказдағы геосаяси ахуалды талқылады.

Ердоған өз сөзінде Әзербайжан мен Армения арасындағы бейбіт келіссөздер барысында қол жеткізілген нәтижелердің маңыздылығына тоқталып, Түркияның аймақта ғана емес, бүкіл Таяу Шығыста бейбітшілікті қамтамасыз ету жолында барлық дипломатиялық тетіктерді пайдалануға дайын екенін жеткізді. Ол Израиль мен Иран арасындағы әскери шиеленістің өршуі аймаққа үлкен қауіп төндіріп отырғанын және оны тежеу үшін белсенді диалог қажет екенін атап өтті.

Өз кезегінде Никол Пашинян әлеуметтік желідегі парақшасында Түркия президентімен кездесуде екі ел арасындағы қарым-қатынастарды қалыпқа келтіру, аймақтық тұрақтылық және тұрақты диалогтың маңыздылығы туралы пікір алмасқанын жазды. Ол Арменияның бейбітшілік пен ынтымақтастықты қолдайтынын айтты.

Yorumlar
Diğer Haberler