Женевадағы кездесу. Иран мен Еуропа елдері арасында келіссөз өтті

1109
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/BEul4PhjFrcPCZSUbCMLUoZcKScpVVSi9vLlh7OD.avif

20 маусымда Женевада Иран сыртқы істер министрі мен Ұлыбритания, Франция және Германия сыртқы істер министрлері арасында келіссөздер өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Кездесу барысында тараптар аймақтағы шиеленісті азайту мен ядролық қауіпсіздік мәселелерін талқылаған.

Келіссөз барысында Иранды АҚШ-пен диалогқа қайта оралуға шақырды. 

Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Дэвид Лэмми келіссөзден кейін пікір білдірді.

«Еуропа елдері Иранға ядролық қаруға иелік етуге жол берілмейтінін ашық жеткізді», – деп мәлімдеді.

Айта кетейік, Иран жағы әскери ядролық бағдарлама бар екенін бұрыннан жоққа шығарып келеді.

Еуроодақтың сыртқы істер жөніндегі өкілі Кая Каллас Женевадағы келіссөздерді оң бағалап, тараптардың "ядролық және өзге де маңызды мәселелер бойынша байланысты жалғастыруға" келіскенін айтты. Ал Лэмми пікірталасты "конструктивті" деп атады.

Иран делегациясының өкілі Аббас Аракчи де жағдайға қатысты мәлімдеме жасады.

«Біз дипломатияға дайынбыз, бірақ тек басқыншылық тоқтатылған кезде ғана. Басқыншы қылмысы үшін міндетті түрде жауап береді», – деп мәлімдеді.

Yorumlar
Diğer Haberler