Көлікке толы жолға шығып кеткен бүлдіршінді жүргізушілер құтқарды

997
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ZGS2LDFhlAN8HkVmmGZ2oKZrUS1fcDQURPyXBuW1.webp

Ақтөбеде ата-анасының қарауынсыз қалған кішкентай қыз көлік жүріп жатқан жолға шығып кеткен, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оқиға Некрасов көшесінде болған. Бүлдіршіннің жолға шыққан сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Алғашында бірде-бір көлік жүргізушісі мән бермей, қыздың жанынан өте шыққан. Кейін бірнеше көлік шұғыл тоқтап, жүргізушілердің бірі қызды көтеріп, қауіпсіз жерге жеткізгені бейнетаспада анық көрінеді.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары бүлдіршіннің ата-анасын анықтап жатыр.

Yorumlar
Diğer Haberler