Теміртауда бала зорлады деген күдікті сот ғимаратында өз-өзіне қол жұмсады

3619
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/05/e52391f0-4e1b-471c-bd6d-a017c2d15043.jpeg
Теміртауда кәмелетке толмаған балаға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсетті деген күдікпен уақытша ұстау камерасында қамауға алынған адам қалалық сот ғимаратында асылып қалды. Бұл туралы Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Оқиға күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы санкцияланғаннан кейін болды. Шешім нақтыланған соң 57 жастағы ер адам сот ғимаратының арнайы бөлмесіндегі камераға қамалған. Айта кетейік, бұл іске қатысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі бойынша (адамды өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеу басталды.
Yorumlar
Diğer Haberler