Алматы облысында қоғамдық бақылау жүйесін дамытуға бағытталған экспедициялық жоба жүзеге асты

2667
Adyrna.kz Telegram

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Алматы облысында Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы және Қазақсатанның азаматтық альянсы демеушілігімен қоғамдық бақылау жүйесін дамытуға бағытталған экспедициялық жоба ұйымдастырылды.

Әлеуметтік жоба мен әлеуметтік бағдарламаның мақсаты - қоғамдық бақылау жүйесін дамыту, жұртшылықтың қызметін белсендіруге арналған кеңестер, қоғамдық бақылауды жүргізу бойынша қоғамдық кеңестерді қолдау.

Әлеуметтік жобаның аясында шағын гранттар конкурсын ұйымдастыру және кемінде 60 шағын грант бөлу (әрқайсысы 500 мың теңгені құрайтын) міндеттелді. Қоғамдық механизмдерді енгізу және дамыту бойынша ұсыныстар әзірленді.

Әлеуметтік жоба жетекшісі Халықаралық «Көшпенділер мұрасы өркениеті» қорының президенті, этнограф, номадолог, зерттеуші - Батыржан Сейдомар. 

«Zhetysu explorer» деп аталған экспедициялық жоба Алматы облысының тарихи-мәдени нысандарының жұмысын бақылауға жұмылдырылды. Экспедиция ағымдағы жылдың маусым-қыркүйек айларында жүзеге асты.

Алматы және Алматы облыстарының тарихи-көркем жерлерін қамтыған экспедицияда негізінен  «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай қорығы; Талғар «Талхиз» ортағасырлық қалашығы (ЮНЕСКО); Әнші бархан – «Алтын Емел» мемлекеттік ғылыми-өндірістік кәсіпорны (ЮНЕСКО); «Бесшатыр» сақ қорғандары – «Алтын Емел» мемлекеттік ғылыми-өндірістік кәсіпорны (ЮНЕСКО); «Боралдай сақ қорғандары» археологиялық саябағы;  «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы (ЮНЕСКО) атты тарихи аймақтардың жұмысы бақыланды.

2021 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында көптеген археологиялық және зерттеу жұмыстары жүргізілді. Көне Рахат пен Орықты елді мекендерін қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.  Есік қорғандары бүгінде жақсы жағдайда. 2019 жылы апатты қорғандардың соңғы қазба жұмыстары аяқталды. Саұ қорғандарын қауіпсіз жағдайда деп атауға болады.

    

Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауында, Ұлттық саябақтың аумағында «Алтын Емел» мемлекеттік ұлттык табиғи паркі, ал Шалбыр шатқалының сағасынан төмен Бесшатыр бірегей қорғандар кешені орналасқан. Тайғақ кардонынан Бесшатырға дейін 34 км қара жол, жылына 1 рет жолдың нашарлауына байланысты грейдерлер жүргізіледі. Нысанның жанында көлік тұрағы, демалыс орындары, дәретхана және ақпараттық тақталар бар.  "Бесшатыр" сақ қорғандарынан Мыңбұлақ кардонына дейін инспекторлар үшін қорықтық жол салынған. Штаттық емес көліктерге кіруге тыйым  салынады, өйткені бұл аймақта қарақұйрықтар, ақбөкендер және т. б. дала жануарлары мекен етеді.

«Алтын Емел» мемлекеттік ұлттык табиғи паркі келушілерінің орталығы Басши ауылында орналасқан. Визит-орталық өте жақсы жағдайда, өзінің мұражайы бар және ұлттық саябақтың көрікті жерлерінің декорациясы ерекше. Шілде айының басында ауылдың басты жолдарында
асфальт төселді.

  

Айғай құм - танымал туристік орындардың бірі. Әнші барханға  апаратын жол аңшылардың (Шаған мен Мыңбұлақ) қоршауынан өтеді. 2019-2023 жылдарға арналған МҰТП жаңа басқару жоспары әзірленуде.

Қазіргі уақытта ортағасырлық Талғар қалашығы «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының балансында. Айына 2 рет аумақ қоқыстан тазартылады. Территория
көліктердің кіре берісінен қоршалған, тек жаяу жетуге болады.  Көліктерге арналған арнайы тұрақ орындары жоқ. Өкінішке орай, «ҚазАвтоЖол» елді мекеннің жартылай қираған қабырғаларын қалпына келтірмеді. 2020 жылы COVID19 індетіне байланысты көптеген жобалар жүзеге асырылмай қалды.

2020 жылы Таңбалы кешені аумағында көптен күткен Визит орталығы пайда болды. Конференц-зал, асхана және қонақүй бөлмелері бар. Петроглифтер аумағында заманауи дәретханалар орнатылды. Кешен қызметкерлері аптасына бір рет қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, сенбіліктер өткізеді.

 

«Боралдай сақ қорғандары» археологиялық кешені Алматы қаласы «Алматы қаласы Мәдениет басқармасының қарамағындағы «Музей Алматы» біріккен ұйымына қарайды.  Жыл сайын сенбілік, ағаш отырғызу үрдістері өткізіледі.

   

 

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии