Шымкентке арнайы іссапармен ҚР Денсаулық сақтау министрі келді

2770
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой келді. Денсаулық сақтау министрі қаладағы халықаралық стандарттарға сай жедел медициналық жәрдем көрсету станциясының Call орталығының жұмысымен танысты. Орталықта бір ауысымда 30 диспетчер жұмыс істейді.

«Эпидемиялогиялық жағдайдың өршуіне байланысты  қазір  жедел жәрдем қызметіне күніне 5000-ға жуық қоңырау келіп түсуде» -  дейді  орталықтың бас дәрігері Г. Құрманбекова.

Соған қарамастан жедел жәрдем қызметкерлері күшейтілген рижимде жұмыс істеп, науқастарға медициналық көмекті дер кезінде көрсетіп жатыр. Орталықтың жай-күймен танысқан министр А.Цой пандемиямен күресте алдыңғы шепте жұмыс істеп жүрген жедел жәрдем қызметкерлерінің  еңбегін жоғары бағалап,  өз алғысын білдірді. Сондай-ақ  ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қызметтік сапары барысында №3 қалалық емхананың жұмысымен танысты. А.Цой алдымен емдеу мекемесіндегі екпе егу кабинетттерін тексеріп,  вакцинациялау жұмыстарының барысын көрді. №3 қалалық емханада алғашқылардың бірі болып екпе егу кабинеті ашылған еді. Мұнда күніне 500-ден аса адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынады.  Сондай-ақ, министр емхана жанынан құралған мобильді бригадалар жұмысымен де танысты. Мобильді топ қызметкерлері емханада тіркелген науқастарға үй жағдайында амбулаториялық медициналық көмек көрсетеді.  Емхананың бас дәрігерімен сұқбаттасқан Алексей Цой науқастарға көрсетілетін қызметтер емхана деңгейінде күшейтілсе, ауруханаға түсетін пациенттер санын азайтуға болатынын айтып, мобильді бригадалар санын көбейтуді тапсырды.

Комментарии