Шымкент үздік үштік қатарында

4571
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/08/b2d8d24c-9bf2-47d1-ac8b-ac1f75b8fa30.jpeg
Бүгін ҚР Премьер-Министрі А.Мамин Үкімет мүшелерімен, республикалық маңызы бар қалалар мен облыстардың әкімдерімен селекторлық мәжіліс өткізді. Үкімет отырысында елдегі эпидемиологиялық ахуал талқыланып, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері таразыланды. Республика облыстары мен қалаларының экономика саласындағы негізгі көрсеткіштерінің даму динамикасында Шымкент қаласының барлық көрсеткіштерінде өсім динамикасы бар екендігі баяндалды.
Бұл жөнінде Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев: «Өңірлер арасында ең жоғарғы көрсеткіш Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Шымкент және Алматы қалаларында байқалуда», - деді.
Оның ішінде биылғы жылдың қаңтар-шілде мерзіміндегі аралықта былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда Шымкент қаласының 📈 өңдеу өнеркәсібіндегі көрсеткіші 104,8 пайызға, 📈 ауылшаруашылығы саласы – 103 пайызға, 📈 құрылыс жұмыстары – 114,6 пайызға, 📈 пайдалануға берілген үйлер көлемі – 107,9 пайызға, 📈 сауда саласы – 104,2 пайызға, 📈 көлік саласы – 103 пайызға, 📈 жеке инвестиция тарту көлемі – 149,5 пайызға артқандығы атап өтілді. Шымкент қаласының кен өндірісімен байланысты емес салалар бойынша инвестициялық белсенділігі 22,8 пайызға жеткендігі айтылып, құрылыс, өңдеу өнеркәсібі, оның ішінде азық-түлік өндірісі, байланыс және ақпарат, ауыл шаруашылығы, сауда, жылжымайтын мүлік операциялары, көлік салаларында оң даму көрсеткіштері қалыптасқан. Бұл көрсеткіштен қаламыз 3-ші орынға тұрақтаған. Құрылыс саласында Шымкент қаласы үздік бестіктің қатарына еніп, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда құрылыс көлемі 14,6 пайызға өскен. Қаламыздың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде қалыптасқан оң динамика шаһар экономикасының тұрақты өркендеуіне негіз болып, даму жоспарында қамтылған міндеттерді табысты іске асыруға кепіл болмақ.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Комментарии