Шығыс Қазақстандағы Риддер қаласының маңында орман өртеніп жатыр. Өрт Лесхоз ауылындағы 14 үйге жайылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ. Құтқарушылар Лихачев көшесінің бойындағы он тұрғынды эвакуациялады.
"Өрттің эпицентрі орманда, орман шаруашылығы кәсіпорнының 100-ден астам жеке құрамы және ДХСВКО өрт сөндірушілері және 20-дан астам техника жұмысын жалғастыруда", дейді ШҚО баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта тілсіз жау жалмаған орманның аумағы 310 га құрайды. Өртті сөндіруге көмектесу үшін МИ-8 және МИ-2 әуе орман шаруашылығының екі тікұшағы көмекке келіп, 12500 текше метр су жұмсалған.
ШҚО Төтенше Жағдай Департаментінің әлеуметтік желісінде оқиғаның видеосы жарияланды.
"Адырна" ұлттық порталы
Новости по теме
Начался конкурс на заключение долгосрочных договоров с отечественными фармпроизводителями по 1659 наименованиям лекарств и медизделий
Более 300 единиц новой техники получили филиалы Республиканского государственного предприятия «Казводхоз»