Карантиндегі дәрігерлер 66 маршутта жүр, Тоқаев мырза

3270
Adyrna.kz Telegram

Іргедегі Өзбекстанның президенті Шауқат Мирзиеев короновируспен күресіп жатқан қарапайым медбикелердің (басқаларын айтпай-ақ қояйық) жалақысын 2,5 мың долларға көтерді. Абайсызда ауру жұқтырған дәрігер болса, оған 10 мың доллар өтемақы төлемек. Ал, біздің Алматы қаласындағы карантиндегі дәрігерлерге ("Отырар" қонақүйіде орналастырылған) журналистер мәселе көтергеннен кейін бүгіннен бастап тәулігіне бір уақыт қана тамақ беріле бастады (бүгін түсте тамақ беріліпті). Тәулігіне бір рет тамақ берумен бар мәселе шешіле ме?
Құрметті, Қасым-Жомарт Тоқаев мырза! Алматы қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасында (Городская клиническая инфекционная больница имени И. С. Жакеновой) 40-қа жуық науқас емделіп жатыр. Бізге жеткен ақпараттарға қарағанда емхана дәрігерлері жұмысқа 66 маршуртпен (елмен бірге) қатынап жүр. Яғни, арнайы көлік бөлінбеген. Індет жұқтыруы мүмкін мамандар қоғамдық көлікте немесе таксиде жүруі (оқшауланбай) неге тиісті мамандарды ойландырмайды?
Біздің мамандар өзбектердікіндей айлық алып отырған жоқ. Ақшасы құрысын, өлім мен өлім арасында жүрген осындай мамандардың жағдайын жасап бере алмасақ, біз мынау аты жаман індетті қалай жеңеміз?
"Осы ақпараттарды сыртқа кім шығарды" деп, аурухана басшылары "кінәліні" іздестіріп жатқан көрінеді. Қазір шындықты айтқан адамды іздеп, жазалайтын кез емес. Науқасты емдейтін батыр дәрігерлеріміздің жағдайын жасайтын уақыт. Күнде ажалмен бетпе-бет келіп жүрген дәрігерлерге қазір қолдау жасамасақ, ертең бәрі кеш болады.
Құрметті, Қасым-Жомарт Тоқаев мырза! Yelzhan Birtanov командасы бар жауапкершілікті Алматы әкімшілігіне аудара салып отыр. Ал, Бакытжан Сагинтаев басқаратын Алматы қаласының мамандары әзірге үнсіз! Сондықтан да үміт Сізде ғана.
Бұл мәселені президентке жеткізер деген ниетпен Karin Erlan, Берік Уәли ағаларды және тектеуге мәжбүрмін!
Мүмкіндігінше репост жасауларыңызды сұраймын!

Қанат Әбілқайыр

Комментарии