Ауыр жүк тасымалдаушыларға қойылған көктемгі шектеулер бойынша мобильді топ рейдтік іс-шара өткізді

2262
Adyrna.kz Telegram

Бүгінгі өткет БАҚ өкілдеріне арналған брифингтен кейін “Алматы-Қапшағай” тас жолында ҚР ИИДМ Көлік комитетінің мобильді тобы мен Алматы қаласы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының мамандары және БАҚ өкілдерінің қатысуымен ауыр жүк тасымалдаушыларға қойылған уақытша шектеулер бойынша рейдтік іс-шара жүргізілді.

Шара барысында, ауыр жүк көліктерге тексеру жұмыстары жүргізіліп, 9 бұзушылық анықталды. Оларға Жылжымалы көліктік бақылау бекетінің Инспекторлары әкімшілік хаттама толтырып, заңнамада белгіленген тәртіпте айыппұл салынды.

Еске сала кетсек, жыл сайынғы қолданылу мерзімдеріне сәйкес жеке білікке түсетін жүктемесі 8 тоннадан артық автокөлік құралдарының қозғалысына көктемгі кезеңде шектеу 2020 жылдың 1 наурыз - 1 сәуір аралығында енгізілген болатын.

Сонымен қатар, Көлік комитетінің мобильді тобы 1 наурыздан бастап Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы облыстары мен Алматы және Шымкент қалалары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысына көктемгі кезеңде қойылған шектеулер бойынша рейдтік шаралары жүргізілді.

Солтүстік өңірлерде 23 наурыз - 1 мамыр аралығында шектеулер енгізілетін болады.

Шара барысында 200-ден аса заң бұзушылықтар анықталды.

 

«Адырна» ұлттық порталы

Комментарии