Өскемен қаласында ер адамға бірнеше адам жабылып, соққының салдарынан көз жұмған. Қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ресми мәліметке сүйенсек, ер адамдар арасында жанжал туындап, кейін төбелеске ұласқан. Сол сәтте бірнеше жігіт бір адамға жабылып, оны өлімші етіп сабаған. Кейін мәйітті Абай даңғылы бойындағы аурухана маңына тастап кеткен.
Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті бұл деректі растады. Қазіргі таңда күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қылмыстың себептері мен мән-жайы анықталуда», – делінген полицияның ресми хабарламасында.
Новости по теме