Әлемдегі "ең кедей" президент қайтыс болды

1205
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/25.01.2023_-_encontro_com_o_ex-presidente_da_republica_oriental_do_uruguai_jose_mujica_e_com_lucia_topolasnky_52649942313-960x500.jpg?token=ca227540f4342681a3635b8486083c0f

Әлемге «ең кедей президент» ретінде танылған 2010–2015 жылдар аралығында Уругвайды басқарған Хосе Мухика 89 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы елдің қазіргі президенті Яманду Орси X әлеуметтік желісінде жазды.

"Әріптесіміз Пепе Мухиканың қайтыс болғанын терең күйзеліспен хабарлаймыз. Ол – президент, белсенді, көшбасшы әрі шынайы жетекші болды. Біз сені қатты сағынамыз, қадірлі қария. Бізге сіңірген еңбегің мен халқыңа деген шексіз сүйіспеншілігің үшін алғысымыз шексіз" - деп жазды Орси.

Мухика өткен жылғы президент сайлауында Орсиге қолдау білдірген. Сол кезде ол өңеш қатерлі ісігіне шалдыққанын айтқан болатын. Қаңтар айында аурудың бауырға тарағаны белгілі болды. Busqueda басылымына берген сұхбатында Мухика ем қабылдаудан бас тартқанын мәлімдеген.

"Неге? Өйткені мен кәрімін әрі екі бірдей созылмалы ауруым бар. Маған химиялық ем немесе ота жасау жарамайды, себебі денем мұндайды көтере алмайды" - деп түсіндірген еді ол.

Хосе Мухика әйелімен бірге гүл өсіріп, оны сатып күн көрген. Президенттік кезінде жалақысының 90 пайызын қайырымдылыққа берген. Оның жалғыз мүлкі – 1987 жылы шыққан Volkswagen Beetle көлігі және кішкентай фермасы болған.

Комментарии