Башқұртстанның Амирово ауылында советтік диктатор Иосиф Сталинге ескерткіш-бюст қойылады. Бұл туралы Уфа қалалық кеңесінің бұрынғы депутаты және Башқұртстанның құрылтайшысы Рустам Хафизов айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Бұған дейін бюстті Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға арналған мемориалдың жанына орнату ұсынылған болатын. Алайда бұған ауыл тұрғындары наразылықтарын білдіріп, қарсы дауыс білдірді.
Жергілікті тұрғын Ляйсан Исхакова сталиндік қуғын-сүргін, депортация, ұжымдастыру және саяси қастандықтардың миллиондаған құрбанын ұмытпауға шақырды. Дауыс беру нәтижесінде ескерткіш жеке аумақта орнатылатын болды.
Калининград билігі де Сталинге ескерткіш орнатуға қарсы болған еді.
Айта кетейік, жақында Вологда облысында Сталинге екінші ескерткіш ашылды. Алғашқы ескерткішті орнатуға қарсы жергілікті тұрғындар үш мыңға жуық қол жинаған болатын.