Өзбекстан Ресейден азаматтарының құқығын бұзбауын талап етті

1143
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/img_8886-960x500.jpeg?token=5c416985c18857e571f6360faab4fc35

Өзбекстанның сыртқы істер министрлігі Ресейде мигранттардың құқықтарының бірнеше рет бұзылуына алаңдаушылық білдіріп, олардың сақталуын қамтамасыз етуге шақырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Министрліктің сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, Өзбекстан сыртқы істер министрінің орынбасары Бобур Усманов Ресейдің Ташкенттегі елшісі Олег Мальгиновпен кездескен.

Келіссөздер барысында Өзбекстан тарабы Ресейдегі өзбекстандық еңбек мигранттарына қатысты құқықтарының бұзылуы мен дөрекі қатынас туралы жиілеп кеткен хабарламаларға ресейлік дипломаттың назарын аударды.

"Мұндай әрекеттер Ресей аумағында еңбек етіп жүрген өзбек азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын бұзу және бұл құқықтар қабылдаушы елдің заңдарымен қамтамасыз етілуі тиіс", – делінген баспасөз хабарламасында.

Осыған байланысты министрлік аталған мәселені мұқият зерттеуге және өзбек тарапының алаңдаушылығын Ресейдің тиісті құзыретті органдарына жеткізуге шақырды.

"Кездесу қорытындысында екі ел азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын өзара қамтамасыз ету бойынша тығыз ынтымақтастықты жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді", – деп атап өтті министрлік.

Айта кетейік, сыртқы саясат ведомствосы алаңдаушылық туғызған оқиғалардың егжей-тегжейін жариялаған жоқ.

Комментарии