Қазақстан мен Франция АЭС құрылысы бойынша келіссөз жүргізуде

1403
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/05/aes-960x500.jpg?token=f7a71c1f4c4398e17a0c3d46b7875a88
Қазақстан Францияның  АЭС салу жөніндегі ұсынысын қарастыруда. Бұл туралы Францияның Қазақстандағы елшісі Сильван Гиоге мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  "Қазіргі уақытта әртүрлі үміткерлердің ұсыныстары қарастырылуда, оның ішінде Францияның да ұсынысы бар. Сондықтан Қазақстан мен Франция арасында осы мәселе бойынша келіссөздер жүріп жатыр. Алдағы уақытта біздің ұсыныс Қазақстан үкіметі үшін қаншалықты қызықты болатынын көретін боламыз", – деді Гиоге Astana Hub алаңында. Оның айтуынша, Қазақстанда АЭС салуға төрт ел өз кандидатурасын ұсынған. Олардың қатарында Франция да бар. "Францияның EDF компаниясы өз кандидатурасын ұсынып, Қазақстан үкіметіне ұсыныс жолдады", – деді елші.
Комментарии