Астанада Жасөспірімдер музыкалық театрында өрт шығып, үш адам зардап шекті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.
Министрлік мәліметіне сүйенсек, өрт Сарыарқа ауданындағы Жақып Омаров көшесінде орналасқан екі қабатты ғимараттың жертөлесіндегі киім бөлмесінде орын алған. Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер ғимарат ішінде қалып қойған үш адамды құтқарды.
Өрт 20 шаршы метр аумақта сөндірілді. Зардап шеккен үш адам жану өнімдерімен улану белгілері байқалған соң дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.
Новости по теме
«Закон и порядок»: в Астане прошло специальное мероприятие для лиц, состоящих на учете службы пробации
Более двух тысяч студентов столичных колледжей приняли участие во флешмобе в честь завершения Года рабочих профессий