Қар көшкініне байланысты ШҚО-да республикалық жолдың бір бөлігі жабылды

2338
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/7fe77f11-4487-4c15-90e3-828bdde47557-960x500.jpeg?token=15fd8e6e64fa82ceba17fcc9a7dbc0e8
"ҚазАвтоЖол" республикалық маңызы бар "Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары" автожолында қозғалыс шектелетіні туралы ескертті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  Шектеу Северное-Серебрянск ауылы учаскесінің арасындағы 46-66 км қашықтықтағы жолға қойылған. Мұнда 12 қаңтарда сағат 09:00-де қар көшкінін алдын алу мақсатында жұмыстар жүргізіледі. "Шектеу барлық көлік түрлеріне енгізілді. Жол учаскесінің ашылу уақыты шамамен 2025 жылдың 12 қаңтарында сағат 15:00-ге белгіленген", – деп хабарлады "ҚазАвтоЖол". Жүргізушілерге жолдардың жай-күйі мен қозғалыс шектеулері туралы өзекті ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 колл-орталығынан алуға болады.  
Комментарии