Qazaq Air Астана-Екатеринбург бағыты бойынша әуе рейстерін уақытша тоқтатты. деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ақпаратқа сәйкес, 2024 жылдың 28 желтоқсаны мен 2025 жылғы 27 қаңтар аралығында Астана-Екатеринбург бағыты бойынша әуе рейстері ұшпайды. Бұл шешім Ресейге ұшу тәуекелдері бағаланғаннан кейін қабылданды. Яғни жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейстер тоқтатылды.
Бірақ Qazaq Air Омбы мен Новосібірге рейстерді орындауды жалғастырады.
«Тоқтатылған рейстердің жолаушыларына әуебилеттерінің толық құнын қайтару қамтамасыз етіледі және әуекомпанияның баламалы рейстеріне тегін қайта брондау ұсынылады», делінген әуекомпанияның хабарламасында.
Новости по теме
По поручению Президента до конца 2025 года планируется обеспечить природным газом все населенные пункты от Кербулакского района до города Талдыкорган