Келесі президент...

570
 Назарбаев  жүйесі-ұзақ ойындардың шеберлері екенін танытты.  Отыз жыл биліктің соңы-Астананың атын,  ірі көшелерді,  университетті,  әуежайды т.б. бәрін өзгертіп Назарбаев атын одан ары ұлықтауға әкелді.  Бірақ диктатор өткеннен соң өмірден; оның барлық атақ-есімі бір күнде жойылады!
Егер бұл-жүйесі өзгермеген Қытайда, жүйесі мен иесі бір жанұядан болған Корея,  Куба болмаса.
Бізде бұл өтпейді, себебі біздің президент коммунистік идеалдарды сатып шығып,  "жабайы капитализмді" таңдаған жан!  Горбачев бастаған хатшылардың коммунистік мемлекетті өзгерткенінен, орыс-кеңес империясының құлауы,  ұлтаралық соғыстардың белең алуы,  қарапайым жұрттың құлдық дәрежеге түсуі,  соңында батыстық-қытайлық экспансияға ұшырауымыз ... мүлдем жеке тақырып!  Сол тарихи оқиғаларда-Назарбаевтың метаморфоздық өзгерісті өзі бастағаны, бұған қоса Горбачев кезеңінде премьер-министр болуға бекінгені құпия емес!
Демек, біздің бұрынғы басшымыз - бүгінгідей катастрофалық дәрежеге жетуімізге тікелей жауапты жан.  Еш борышсыз және ядролық қару-жарағы бар мемлекет отыз жыл ішінде...қарыз ел болып шықты! 
БҰҒАН БӘРІМІЗ-ҮНСІЗДІГІМІЗБЕН ҮЛЕС ҚОСТЫҚ! 
Барлық ақпараттарда Д.Назарбаеваның келесі президент екені айтылуда...  Әрине, біздің диванда жатып көрсеткен қарсылығымызды қоспасақ-бұлай болуы да мүмкін.
Бірінші вариант. 
Дариға-президент.
Сіз бүкіл ел қарсы шығады дейсіз. Өкінішке орай халық бірікпейді.  Алғашқы тәуелсіздік кезінде-халық бай мен кедей болып бөлінбеген еді!Бүгінгі қарны тоқтар-аш халықты ауыздықтап ұстауға бейіл. Діншілдер-дінсіздер, қазақ тілділер-орыс тілділер, жүзге бөлінушілер, батысқа еліктеуші жастар, әсіре толеранттар, бұқпа жасықтар, мемлекеттен жем жеп жүрген "ұлтшылдар" бір ғана мақсатта-бізді біріктірмеуге жұмыс істейді!
Екінші вариант.
Қазақстанның тыныштығын қалаған орыс не қытай өздері араласа отырып, ыңғайлы жанды әкеледі. Тоқаев осындай консенсустің жемісі. Бірақ, ол Назарбаев кезеңіндегі қалау болғандықтан-ақталып шығу "ағару" ауыр оған!
Үшінші вариант.
Шын жүйе құрбаны- түрмеде ұзақ жылдарын,  денсаулығын берген адам...ел қолдауымен билікке келеді! Келеді де - бүгінгі биліктегінің бәрін соттайды! Бәріміз бай боламыз! Назарбаев айтқан "уәделер" орындалады...
Төртінші вариант Қытайға, Ресейге сұрағандарын беріп, жеріміз тарылып болып - ешкімнің қызығары қалмаған шақта ... қалағанымызды таңдап алып- жасқа толы жанарымызбен кетеміз!
КЕЛЕСІ ПРЕЗИДЕНТ... БҰЛ БІЗДІҢ ТАҒДЫРЫМЫЗ! 
Серік Елікбай

 

Конец переписки
Комментарии
Выбор редакции