Астанадағы "Манхэттен" тұрғын үй кешенінде өрт шықты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ақпаратқа сәйкес, Анет баба көшесінде орналасқан тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің бірі өртенген. Әлеуметтік желіде тараған видеодан тұрғын үйдің терезелерінен жалын пен түтін шығып жатқанын көруге болады.
ТЖМ мәліметінше, оқиға орнынан 16 адам құтқарылып, эвакуацияланды. Өрт 15 шаршы метр алаңды шарпыған.
Белгілі болғандай, 7 қабаттағы пәтерде жиһаз бен үй заттары өртенген.
“ТЖМ құтқарушылары түтінді аймақтан баспалдақ маршымен 6 адамды құтқарып, 10 адамды эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ”, - деп мәлімдеді ТЖМ баспасөз қызметі.
Новости по теме
Усиление роли НПО в реализации Послания Президента РК «Конструктивный общественный диалог – основа стабильности и процветания Казахстана»
В Астане состоится выставка Creative Aimaq «Наследие Золотой Орды: искусство, рожденное Великой степью»
