11-19 наурыз Қарулы күштердің жауынгерлік дайындық бағдарламасы шеңберінде Қарағанды облысының аумағында екі жақты командалық-штабтық оқу-жаттығу өтеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.
«Қарулы күштердің жауынгерлік дайындық бағдарламасы шеңберінде 11-19 наурыз аралығында Қарағанды облысының аумағында екі жақты командалық-штабтық оқу-жаттығу өтеді. Жауынгерлік дайындық іс-шаралары кезінде Қарағанды, Алматы, Жетісу облыстарының аумағын сарбаздар мен техникалар басып өтеді»,- делінген хабарламада.
Сондай-ақ, оқу-жауынгерлік міндеттерді пысықтау мақсатында бөлімшелер полигондарға темір жол, әуе және автомобиль көлігі арқылы аралас тәсілмен марш жасайды. Кейін тұрақты орналасу пункттеріне оралады.
«Қорғаныс министрлігі аталған кезеңде өңірдің жекелеген аудандарында шектеу шаралары енгізілуі мүмкін екенін хабарлайды. Осыған байланысты азаматтардан өтіп жатқан оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауды және тыныштық сақтауды сұраймыз»,- деді қорғаныс министрлігі.
Новости по теме
Главы АФМ Д.Малахов, НПП «Атамекен» Р.Баталов и Уполномоченный по защите прав предпринимателей К.Нуров договорились о взаимном сотрудничестве
«Главная задача — взрастить поколение честных и ответственных людей» - Директор Института Сорбонна-Казахстан Айнур Сабитова