23 ақпанда барлық өңірде ауқымды сейсмикалық оқу-жаттығулар өтеді

4976
Adyrna.kz Telegram
фото ua.depositphotos.com
фото ua.depositphotos.com

23 ақпанда еліміздің барлық өңірінде жоспарлы сейсмикалық жаттығулар өткізіледі. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Сейсмикалық жаттығулар өтетін күні халықты хабардар ету жүйесі іске қосылады.

"Сейсмикалық жаттығулардың негізгі мақсаты – жер сілкінісі қаупі мен орын алуы кезіндегі іс-әрекетке халықтың дайындық деңгейін арттыру", - деп жазылған ведомство хабарламасында.

ТЖМ халыққа ескертуге құлақ асып, сейсмикалық жаттығуларға белсенді қатысуға кеңес берді.

Айта кетейік, 23 қаңтарға қараған түні Алматыда 5 балдық жер сілкінісі болған еді. Зілзала ошағы Қытай мен Қырғызстан шекарасында орналасты, бірақ мегаполис пен Қазақстанның басқа қалаларында да дүрбелең тудырды.

Комментарии