Қостанайда жантүршігерлік апаттан 2 адам қайтыс болды

2896
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/zhol-apaty-960x500.jpeg?token=08a4349502326e44fa10eb13933283c9
Қостанайда жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты,  деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.
23 желтоқсанда "Алматы – Қостанай – Екатеринбург" тас жолында Станционный ауылының маңында SsangYong Musso көлігінің 72 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол апатына себепкер болды. Ол жол бойында тоқтап тұрған тіркемесі бар "КАМАЗ" көлігіне соқтығысқан.
"КАМАЗ-бен соқтығысқан SsangYong кері айналып кеткенде оны бар жылдамдығымен Lada Granta келіп киіп кетеді. Салдарынан SsangYong жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапты", - деп жазады облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар, Lada Granta-ның жүргізушісі мен екі жолаушысы да жарақат алды. Қазір фактіге сәйкес, полиция ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі, "Абайсызда екі және одан көп адамның өліміне әкеліп соқтырған ЖҚЕ бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Комментарии