Басты бет » Новости » Мұхтар Шаханов. Бəрі ақшамен шешіліп жатыр.

Мұхтар Шаханов. Бəрі ақшамен шешіліп жатыр.

Танымал ақын әрі қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов “Адырна” ұлттық бірлестігіне сұхбат беріп, қоғамдағы өткір мәселелер жөнінде пікірін ашық айтты.

 Поэзия мен ақынның əлемдегі рөлі қандай бүгінгі таңда?

Поэзия дегенге менің түсінігім басқа. Алдыңғы жылы менімен Англияда кездесу болды. Сонда бірқора ақындар, ғалымдар жазушылар қатысты. Сонда мен сойдым. “Сендер шындықтарыңды жоғалтып алғансыңдар!”-деп… Қазір барлық жерде солай туфлиді жақсы жалайды. Сонымен бəрі мойындады. Менің концепциямды көптеген мемлекеттер мойындап жатыр. Өлеңді əркім жаза береді. “Анау тұрған бидайды, комбайнмен жинайды” деп. Ол поэзия емес. ПОЭЗИЯ дегеніміз – ешкім айтпаған ойларды айту!

Санасы Ұлттық деңгейге жетпеген өздерін “Ақындармыз” деп жүргендер де бар ғой бүгінгі таңда.

Ол жəй əншейін ұйқастырып жүрген ақындар көп қой. Ондайларды мен ақын деп есептемеймін. АҚЫНДЫҚ дегеніміз – елдік, ұлттық мүддеге терең тамыр жіберген адамдар. Өзінің елінің жеңісін, жеңілісін, елінің озық қасиеттерін, пендешілігін өз жүрегінің елегінен өткізген адам ғана АҚЫН бола алады. Ойнап жаза берсең том-том кітап шығады. Кім жазбайды кітапты? Керек десең үйіңе əкеліп береді. Бəрі ақшамен шешіліп жатыр.

Қазіргі əн мен оған жазылып жатқан сөздерге көзқарасыңыз?

-Теледидарда ертеден кешке дейін əн беріп жатады. Түкке тұрмайтын əндер. Мағынасы жоқ əндер. Ақша береді бітті, сатылмайтын ештеңе жоқ. Баяғыда совет одағының кезінде “Көркемдік кеңес” деген болатын. Електен өткізіп, əннің өзін, сөзін қарайтын. Ұнаса ғана теледидардан беретін еді. Ал қазір қарамайды. Барасың ақшаңды бересің, əйтпесе үлкен бір кешті бересің, қалтасына бес-он мың доллар түседі. Бір ай, екі ай айналдыра береді.

Жер мәселесінде ел біраз дүрлікті. Қазір басылғандай болды.

Жер сату мәселесін 2008 де көтергенмін. Жазған мəлімдемелерім бар. Айқай көтеріп көшеге шыққанбыз. Апарып қамаған.
Қытайлықтар Қазақ елінен қыздар аламыз деді. Оған өз пікіріңізді білдірдіңіз. Азаматтығынан айыру жайлы. Тиісті жауап келді ме сізге?
Барыңдар! Басқа қыздарға да айт! Жағдайларың жақсы болып, үйреніп кетесіңдер!(ашынып) Жаздық. Айттық. Сол күйінде қалды ғой.

Сөзіңіздің астарын түсініп отырмын. Алла сақтасын! Армансыз адам болмайды ғой! Қандай арманыңыз бар?

Не арман болсын? Арманым ұлт өлмесе, Тіл өлмесе екен деймін болашақ ұрпақ үшін!

Сұхбаттасқан: БертайқызыБалжан Ақылбек

“Адырна” ұлттық бірлестігі

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

Байбек забирает в Nur Otan управленцев из Алматы

Вслед за бывшим акимом южной столицы в Нур-Султан перебираются и другие чиновники. Об этом в ...