Басты бет » Новости » Қытай Түркиядан мұсылмандарға қарсы күресте көмек көрсетуді сұрады

Қытай Түркиядан мұсылмандарға қарсы күресте көмек көрсетуді сұрады

Қытай билігі Түркияны Шыңжаң-Ұйғыр автономиясындағы мұсылман жауынгерлермен күресте қолдауға шақырды. Бұған ұйғырлардың Қытай саясатын сынауы себеп болды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Анкара өкілдерімен өткен кездесуде ҚХР-ның сыртқы істер министрі Ван И мырза Түркияның егемендікті және ұлттық қауіпсіздікті нығайту жөніндегі күш-жігерін бағалайтынын және қолдайтынын атап өтті.

Кездесу барысында дипломат түркі мемлекетін «Шығыс Түркістанның ислам қозғалысына» қарсы күресте стратегиялық ынтымақтастық орнатуға шақырды. Бірақ, көптеген халықаралық сарапшылар осы топтың шынымен де тұрақты түрде жұмыс істейтініне күмән келтіреді.

Айта кетсек, 2017 жылдан бастап Батыс елдері Қытайды СУАР аумағында қайта оқыту лагерлер желісін құрып жатыр деп айыптап келеді. Бұған дейін ол лагерлерде миллиондаған ұйғырлар мен басқа да мұсылман этникалық топтарының өкілдері жатыр деп хабарланған болатын.

Айта кетсек, бұған дейін Қытайда мешіттерді бұзып жатқанының тағы бір дәлелі көрсетілді деп жазған едік.

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

Перспективы развития курортного потенциала Алаколя обсудили в ВКО

Перспективы развития курортного потенциала прибрежной зоны озера Алаколь обсудили предприниматели и заинтересованные государственные органы на ...