“Бес адам қаза тапты”. Алматы облысындағы тас жолда көлік апаты болды

5853
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/04/1cec620c-1965-4193-b844-4aa783bbdbdf.jpeg
Алматы облысындағы тас жолда болған жол апатынан бес адам қаза тапты. Бұл жөнінде ішкі істер министрлігінің ресми сайты жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
"1 сәуір сағат 08:00 шамасында Audi 100 автокөлігінің жүргізушісі, Ұйғыр ауданының 43 жастағы тұрғыны Алматы-Көкпек – Көктал автожолының 196 шақырымында қарсы қозғалыс жолағына шығып, 1964 жылғы Б. есімді азаматтың басқаруындағы Audi С4 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Жол апатынан Audi 100 жүргізушісі мен оның 3 жолаушысы, сондай-ақ Audi С4 жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты", - делінген сенбі күні тараған ақпаратта.
Әртүрлі дене жарақаттары бар төрт жолаушы Шонжы ауылында орналасқан Орталық аудандық ауруханаға жатқызылғаны айтылады. Аталған дерек ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша Еңбекшіқазақ ауданының СДТБТ-да тіркелген.
"Қазір қажетті сараптамалық зерттеулерді тағайындаумен тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деді полиция.
Комментарии