“Жаңа Қазақстанды көркейту үшін әкімдікке жаңалық алып келетін жаңа адамдарды тағайындау керек. Бұл туралы ақын Арман Бердалин Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
“Екі-үш айдан соң еріп кететін мұзқалалар салуға миллиондап ақша жұмсаған әкімдерден асқан әпенді көрмеппін. Елге беретін ақшаны желге шашып, жерге төккендер “Жаңа Қазақстанды” құруға кіріп те кетті. Сапасы өздері салып жүрген мұзқаладай болмаса игі еді… “Ескі Қазақстанды” көгертпеген ескі әкімдер, “Жаңа Қазақстанды” жарылқайтынына сенбеймін! Жаңалық алып келетін жаңа адамдарды тағайындау керек!
Кемелұлының жанына кемел адамдар жиналса ғана ісіміз алға басады”,-деп жазды ақын.
Новости по теме
Акимат Мангистауской области рассматривает возможность выделения дополнительных субсидий на рытье колодцев для скота
За последние три года наблюдается укрепление взаимодействия между государством и предпринимательским сообществом - Максим Крамаренко