Қазақстан бойынша тегін әуе сапарын пайдалана алатын балалар саны 2 мыңға дейін артады. Алқа отырысы барысында Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов алдағы жоспарлармен бөлісті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Өткен жылы Kids Go free бағдарламасы бойынша 1500 бала ұшақпен тегін ұшуға мүмкіндік алған еді.
«Биыл біз 2000 балаға тегін әуе қатынасын ұсыну үшін жұмыс істейтін боламыз. Бұл – отбасылық демалыс үшін қосымша мүмкіндіктер. Сонымен қатар, Kids Go free бағдарламасы туроператорлар үшін қолжетімді болды. Балалар авиабилетін сатып алуды растау тізбесі кеңейтіліп, өтінімдер мен төлемдерді қарау мерзімі қысқартылды», - деді Асхат Оралов.
Новости по теме
Мурат Айтенов ознокомился с профилактическими работами при чрезвычайной ситуации в населенном пункте Елтай
В рамках патриотического социального проекта «Желтоқсан жаңғырығы» в декабре 1986 года состоялся конкурс патриотической песни