д

36091
Adyrna.kz Telegram

Қоғам белсендісі, математика пәнінің мұғалімі Дархан Ардақұлы Алматы қаласындағы 207 мектептің "аралас мектеп" болып ашылуына қарсылық танытып, Қазақ еліне үндеу тастады. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы жазады. 

"Алматы қаласындағы №207 мектептің "аралас мектеп" қылып ашылуына жол бермеймін! Көрпені төсеймін де, жатамын! Бүгін Наурызбай ауданының әкімдігі хабарласты. "Әкімдіктің алдына кел, 410 кабинетке кел. Сөйлесеміз сағат 11.00-де" деп. Мен "Сендер өздерін келіңдер! Әкім не істеп отыр? Диаспора өкілдерімен жұмыс жасасын! Қазақ мектебіне қарай бағыт-бағдар берсін! Қазақ елімен, қазақ жерімен тағдырын байланыстырған диаспора өкілдері Қазақстанда тұрамын десе, балаларын қазақ мектептеріне берсін! Біз оларды бөліп жатқан жоқпыз. Керісінше олар бөлініп жатыр. Қазақ тілді мектептердің санын көбейтуіміз керек. Оқу-ағарту министрі Аймағамбетов №1 мәселе осымен айналысуы керек. Құрметті ағайындар! Балаларыңызды қазақ мектебіне беріңіздер! Аралас мектептердің ашылуына қарсылық білдіру керекпіз. Белсенділік және табандылық танытыңыздар! Үйде жатып лайк, комментарий жазып, диванда жата бермеңіздер! №207 мектептің алдына келіңіздер! Мен өзім мына мектепке күнде келемін. Тіл өшсе, біз де өшеміз. Қазақ тілі өшпей, лапылдап, жанып тұрса, біз де әрқашан жанып тұрамыз!", - деді Дархан Ардақұлы.

"Адырна" ұлттық порталы 

Комментарии