Біздің елге қару асынып келгендерді өз қаруымен өлтіреміз - Арман Шораев

3381
Adyrna.kz Telegram

Қоғам белсендісі Арман Шораев ресейлік қашқындардың ҚР-ға көптеп ағылуына байланысты "Адырна" ұлттық порталы журналисінің сауалына жауап берді. Сонымен қатар, қазақстандықтардың Украина-Ресей соғысында кімді қолдап, кімге жақтасатындығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"Көптеген ресейліктер қазақтардың Украинаны емес, тек Ресейді қолдауы тиіс деп есептейді екен. Сіздерге мынаны түсіндіргім келеді. Шынтуайтында, маған көршім ұнамауы мүмкін, бірақ бұл оған қару кезеніп, бала-шағасын, әйелдерді, қарияларды өлтіру дегенді білдірмейді. Өзара қарым-қатынасты реттеудің өркениетке тән орнықты әдіс-тәсілдері бар. Қазақты өте толерантты, кеңпейіл халық деп есептеймін. Бірақ біздің кеңпейіл қалпымызды пайдаланып, басымызға шығуды ойлаудың қажеті жоқ. Ресейліктер, мынаны ұғыныңыздар, Қазақстанның сексен пайызы Украинаны қолдайды. Біз, бұйыртса, Украинамен бірлесе отырып жеңіс күнін тойлаймыз әлі. Жеңіс Ресей тарапының түсіне де кіріп шықпайды, - деді Арман Шораев.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ADYRNA.KZ - Жаңалықтар (@adyrna.kz)

Сонымен қатар, қоғамдық пікір жетекшісі қазіргі миграциялық жарылыс жайын да сөз етіп, Ресейден келіп жатқан тұрғындарға ескерту жасады.

"Ресей азаматтары, біздің елде жүріс-тұрыстарыңыз түзу болсын. Сіздерге жөнсіз жауығатын жайымыз жоқ. Бірақ, біздің елге не Украинаға қару асынып келгендерді сол жерде өз қаруымен өлтіреміз. Мұны ұғыңыздар! Ескеріңіздер! Аман болайық, - деді А. Шораев өз сөзін түйіндеп.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии