«Қазақфильмге» жаңа басшы келді

285
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/n2zORMqToT18mRPZTRMzUnJoRrFD94ZFlRDx0TKk.webp

Құрманбек Жұмағали Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық киностудиясы президенті болып тағайындалды. Бұл туралы бүгін, 18 қарашада киностудияның баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бұған дейін ол «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған.

Құрманбек Жұмағали еңбек жолын 2004 жылы бастаған. Әр жылдары «Қазақстан» РТРК-да түрлі басшылық қызметтер атқарып, Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі, Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, кейін басқарма басшысы, «Қазақ радиолары» директоры, «Қазақстан» РТРК басқарма төрағасының бірінші орынбасары болған.

2019–2021 жылдары «Астана» телеарнасының бас директоры, ал 2021–2023 жылдары «31 арна» телеарнасының бас директоры қызметін атқарған.

2023 жылғы шілдеден бастап бүгінгі  уақытқа дейін «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы болып қызмет еткен.

Еске сала кетейік, бұған дейін Азамат Сатыбалды «Қазақфильмде» басшылық қызметте жүрген кезінде өзіне түрлі қысым болғанын жеткізген еді.

Комментарии