Фото: Ашық дереккөзден
Біріккен Ұлттар Ұйымының Негізсіз қамауға алу жөніндегі жұмыс тобы қазақстандық журналист Думан Мұхаммедкәрімнің бас бостандығынан айырылуын негізсіз деп таныды, деп хабарлайды "Адырна".
Politico дерегінше, сарапшылар Қазақстан билігін журналисті дереу босатуға шақырды.
БҰҰ Жұмыс тобының №18/2026 пікірінде журналистің кәсіби қызметіне байланысты қудаланғаны және әділ сот талқылауына құқығы бұзылғаны айтылған.
«Сарапшылар бас бостандығынан айыру орындарында да заңсыздықтың жалғасып жатқанына алаңдаушылық білдіріп, шешім соңында оны дереу босатуға шақырды», – делінген құқық қорғау ұйымының хабарламасында.
Жұмыс тобының қорытындысына сәйкес, Думан Мұхаммедкәрімді қамауда ұстау Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 2, 3, 7, 9, 10, 11, 19 және 21-баптарына, сондай-ақ Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 9, 14, 15, 19, 25 және 26-баптарына қайшы келеді.
Қазір Думан Мұхаммедкәрім жазасын Қызылорда қаласындағы түзеу мекемесінде өтеп жатыр. Бұған дейін оның адвокаты мен қорғаушылары журналистің денсаулығы күрт нашарлағанын айтып, алаңдаушылық білдірген.
Ал Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті медициналық тексеру қорытындысы бойынша сотталушының жағдайы қанағаттанарлық екенін хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, ол жоспарлы медициналық тексеруден өтіп тұрады және ауыр дерт белгілері анықталмаған. Сондай-ақ комитет сотталушылардың денсаулығы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің тұрақты бақылауында екенін айтты.
Постоянная комиссия Акмолинского областного маслихата по вопросам экономики и бюджета рассмотрела проблемы Степногорской многопрофильной городской больницы
