Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі қараша айының соңына дейін «Яндекс» компаниясының 5 заңды тұлғасына жоспардан тыс тексеру жүргізеді. Бұл туралы ведомство басшысы Жаслан Мәдиев айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Бұған дейін депутаттар «Яндекс» жүйесіндегі ақаудан кейін қазақстандықтардың дербес деректерінің қорғалу деңгейін тексеруді талап еткен болатын.
«Елімізде тіркелген «Яндекс» компаниясының бес заңды тұлғасына («Яндекс Қазақстан» ЖШС, «Yandex Bastau» ЖШС, «Яндекс. Такси Корп» ЖШС, «Яндекс. Еда Казахстан» ЖШС және «Яндекс LLP») қараша айының соңына дейін дербес деректерді қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау тұрғысынан жоспардан тыс тексеру жүргізіледі», – делінген министр жауабында.
Тексеру барысында заңнама талаптарының сақталуы жан-жақты зерделенеді. Атап айтқанда, дербес деректерді сақтау талаптарының орындалуы, сондай-ақ компаниялардың оларды қорғау үшін қабылдаған ұйымдастырушылық және техникалық шаралары қаралады.
Тексеру қорытындысы бойынша министрлік белгіленген талаптардың сақталуына баға береді. Егер заңбұзушылықтар анықталса, оларды жою жөнінде ұсынымдар беру және кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесін қарау сияқты тиісті шаралар қабылданбақ.
Прокуратура области Ұлытау внедрила новый формат профилактики правонарушений через сервис Яндекс Такси
