Қырғызстан президенті Садыр Жапаров алдағы президент сайлауына қатысу үшін Орталық сайлау комиссиясына өтініш берді. Ол кандидатурасын өзін-өзі ұсыну тәртібімен тіркеген, деп хабарлайды "Адырна".
Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, 2026 жылғы 10 қарашадағы жағдай бойынша президенттікке кандидат болуға алты адам өтініш берген.
Кандидаттарды ұсыну кезеңі 2026 жылғы 13 қарашаға дейін жалғасады.
Айта кетейік, Қырғызстанда президент сайлауы 2027 жылғы 27 қаңтарға белгіленген. Бұған дейін Садыр Жапаров екінші мерзімге сайлану үшін сайлауға қатысу ниетін мәлімдеген болатын.
Сонымен қатар Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы алдағы сайлауда алғаш рет қоғамдық бақылау орталығын ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Новости по теме
В РАМКАХ ПАТРИОТИЧЕСКОГО СОЦИАЛЬНОГО ПРОЕКТА «ЖЕЛТОҚСАН ЖАҢҒЫРЫҒЫ» СОСТОЯЛСЯ КОНКУРС ПАТРИОТИЧЕСКОЙ ПЕСНИ
