Ақаба процесі саммитіне қатысу үшін Иордания, Тәжікстан, Өзбекстан және Түркіменстан басшылары Қазақстан астанасына келді, деп хабарлайды "Адырна".
Шетелдік делегацияларды әуежайдан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.
5 қарашада Иордан Хашимит Корольдігінің королі II Абдалла бен әл-Хусейн Қазақстанға ресми сапармен келді. Әуежайда мәртебелі мейманды салтанатты қарсы алу рәсімі өтіп, құрмет қарауылы сап түзеді.
Сондай-ақ Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон және Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедов Астанаға жұмыс сапарымен келді.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен II Абдалла бен әл-Хусейннің кездесуінде екіжақты қарым-қатынастарды нығайту мәселелері талқыланды. Президент Иордания королінің Қазақстан мен Иордания арасындағы достық байланыстарды дамытуға қосқан үлесін атап өтіп, оны Al-Farabi орденімен марапаттады.
Өз кезегінде Иордания королі Қасым-Жомарт Тоқаевқа Иордан Хашимит Корольдігінің жоғары мемлекеттік наградасы – al-Hussain ibn Ali орденін табыстады.
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның Қазақстанға ресми сапары аясында екі ел көшбасшылары стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды нығайту мәселелерін талқылайды.
Саммит аясында жаңа технологиялардан туындайтын қауіп-қатерлерге қарсы күрес мәселелері де қарастырылады. Жиынға әлемнің түрлі елдерінің басшылары, қауіпсіздік ведомстволары мен БҰҰ және Интерпол сияқты халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады.
Глава государства в режиме телемоста принял участие в церемонии запуска подачи природного газа в город Косшы
