Илон Маск АҚШ Конгрессіндегі сайлаудан 60 млрд доллар жоғалтқан

123
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/4wQVybWdv4pojQiVbFUZX70WQQnhBzj9XBFyKAxK.webp

Америкалық кәсіпкер Илон Маск АҚШ Конгресіне өткен аралық сайлаудың алғашқы нәтижелері жарияланғаннан кейін 60 миллиард доллардан астам қаржысынан айырылды. Бұл туралы Financial Times басылымы жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Аралық сайлау Маскқа 60 миллиард доллардан астам шығын әкелді», – делінген хабарламада.

Газеттің бағалауынша, дауыс беру қорытындылары жарияланған түні кәсіпкер сайлаудан ең көп зардап шеккен тұлғалардың бірі болуы мүмкін.

Айта кетейік, АҚШ Конгресіне аралық сайлау 3 қарашада өтті. Өкілдер палатасындағы барлық 435 орын, ал Сенаттағы 100 орынның 35-і қайта сайлауға шығарылды. Америкалық БАҚ-тың соңғы болжамдарына сәйкес, Демократиялық партия Конгрестің қос палатасында да басымдыққа ие болып отыр.

Бұған дейін журналист Дженнифер Джейкобс Дональд Трамп республикашылдардың сайлаудағы нәтижесі үшін жауапкершілікті Пентагон басшысы Пит Хегсетке жүктеуі мүмкін екенін хабарлаған еді.

Комментарии