Полиция формасымен көлік тоқтатқан балаға Президенттің кітабы сыйға тартылды

1194
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/0YR0mezCJRFtVYAyNuvdvXy7ZNAEsp8y9GuPwOY7.png

Түркістан облысында полиция формасын киіп, жол бойында көлік тоқтатқан 10 жасар Самұрыққа кітап сыйланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Оны облыстың бас полицейі арнайы қабылдады. Кездесу барысында балаға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітабы сыйға берілді.

Түркістан облысы ПД кездесуден бейнежазба жариялады. Қабылдауға Самұрық әкесімен бірге келген. Бала бұл жолы да полиция формасын киген.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде полиция киімін киген баланың жол жиегінде көліктерді тоқтатып жүрген видеосы тараған еді. Осы оқиғадан кейін оның әкесіне әкімшілік айыппұл салынды.

Полиция департаменті түсініктеме беріп, мәселе баланың полиция қызметкері болуға деген арманында емес, жол бойында көлік тоқтатуы оның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінінде екенін хабарлаған.

Кейін Түркістан облысы ПД бастығы, полиция генерал-майоры Арыстанғани Заппаров Самұрықты арнайы қабылдады.

Полицияның мәліметінше, Сұлтанхан Самұрық Досжанұлы үш жасынан бастап полиция формасын киіп, болашақта тәртіп сақшысы болуды армандайды. Ол адамдарға көмектесіп, заң мен тәртіпті қорғауды мақсат етеді.

Кездесу барысында Арыстанғани Заппаров баланың арманын қолдап, полиция қызметкері болу үшін жақсы білім алып, тәртіпті болудың маңызын түсіндірді. Сондай-ақ оған Мемлекет басшысының кітабын табыстады.

Бұдан бөлек, департамент бастығы Самұрық оқитын мектепте «Жас сақшы» полиция сыныбын ашуды тапсырды. Сондай-ақ баланы полиция департаментінің алдағы іс-шараларына қатыстырып, тәртіп сақшыларының күнделікті қызметімен таныстыру ұсынылды.

Комментарии