Президент Балқаш АЭС-і құрылысын 2027 жылы бастау керегін айтты

261
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/R7sF1L6r1rtbPbv1ymNuq3R2cs9bAHE9SAOMTYyu.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында «Балқаш» АЭС құрылысы 2027 жылы басталуы керектігін айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Мемлекет басшысының сөзінше, атом энергетикасын дамыту және елдегі атом электр станцияларын уран шикізатымен ұзақ мерзімді қамтамасыз ету мәселесі айрықша маңызға ие. Осыған байланысты ол уранның мемлекеттік стратегиялық қорын құру туралы ұсынысты байыппен қарастыру қажеттігін атап өтті. Оның пікірінше, мұндай қор Қазақстандағы АЭС-тердің алдағы бір ғасырдағы қажеттілігін өтеуге мүмкіндік береді.

«Келесі жылы-ақ «Балқаш» АЭС құрылысын бастауды және «Мойынқұм» АЭС құрылысын барынша тезірек бастау мақсатында кешенді ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюды мүмкін әрі қажет деп санаймын»,– деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев атом электр станцияларының құрылысына қатысатын шетелдік серіктестерді Қазақстанда жоғары технологиялық өндірістер ашуға, ядролық энергетика саласындағы тәжірибе мен құзыреттерді беруге, сондай-ақ отандық атом саласы мамандарын даярлауға тартудың маңызын атап өтті. Мұндай ұсыныстарды Ресей мен Қытай компаниялары білдірген. Бұл ретте келіссөздердегі барлық ұстаным Қазақстанның ұлттық мүдделерін ескере отырып, мұқият пысықталып, келісілуі керегі айтылды.

Комментарии