Ресей мен Украина уақытша атысты тоқтатуға келісті

208
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/sY3ebRHnFj9N4o772GNk8Q2xirtBXGbg8Lv6cnWg.webp

Ресей мен Украина Херсон облысындағы Олешки қаласында гуманитарлық операция жүргізу үшін уақытша атысты тоқтатуға келісті, деп хабарлайды “Адырна”. 

Келіссөздерге АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамп делдал болған. 
Бұл туралы 23 қазанда Ақ үй мәлімдеді.

Уақытша бітім аясында қалаға азық-түлік, дәрі-дәрмек пен ауызсу жеткізу, бейбіт тұрғындардың қауіпсіз жерге көшірілуін ұйымдастыру жоспарланған.

Ақ үйдің мәліметінше, гуманитарлық операция 29 қазанда басталуы тиіс. Алайда Ресей Қарулы күштері Бас штабының басшысы Валерий Герасимов Херсон бағытында 27 қазаннан бастап атысты тоқтату режимі енгізілетінін айтты. Украина әскери күштері де осы күнді растаған.

Мелания Трамптың айтуынша, ол Мәскеу және Киев өкілдерімен келіссөздер жүргізуге тікелей қатысып, атысты тоқтату шарттарын, мерзімдерін және гуманитарлық көмекті жеткізу тәртібін келісуге атсалысқан.

АҚШ-тың бірінші ханымы Олешкидегі жағдайдың күрделі екенін атап өтті. Оның сөзінше, қалада қалған тұрғындардың басым бөлігі – қарт адамдар. Оларға медициналық көмек, дәрі-дәрмек, азық-түлік және таза ауызсу қажет. Сонымен қатар қалада электрмен жабдықтау жүйесі қалыпты жұмыс істемейді, жолдар миналанған, ал атқылау жалғасып жатыр.

Уақытша бітім кезінде Ресей мен Украина тараптарының азаматтық өкілдері жергілікті тұрғындардың қажеттіліктерін анықтап, қандай көмек керегін бағалауы тиіс.

Украина президентінің коммуникациялар жөніндегі кеңесшісі Дмитрий Литвин гуманитарлық операцияға қатысты мәселелермен Жоғарғы Раданың адам құқықтары жөніндегі уәкілі Дмитрий Лубинец айналысып жатқанын айтты. 

Ресей Бас штабының басшысы Валерий Герасимовтың мәлімдеуінше, Мәскеу уақытымен 27 қазан сағат 04:00-ден бастап Херсон бағытында атысты тоқтату жоспарланған. Гуманитарлық көмек жеткізілмес бұрын мамандар жолдарды тексеріп, инженерлік барлау жүргізіп, гуманитарлық колоннаның қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуі тиіс.

Комментарии