Қоқиқаздарды дронмен түсіргендер айыппұл арқалайды

230
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Dzhs49XYa9T86LET4atYpYtSZeJ5mamGP0X5si04.jpg

«Үстірт» мемлекеттік табиғи қорығына арнайы рұқсат құжаты негізінде ғана кіруге болады. Бұл туралы қорықтың Экологиялық ағарту және туризм бөлімінің басшысы Аманқос Әбиев мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қарақия-Қаракөл қаумалына келетін қоқиқаздар, әрине, өте әдемі. Бұл көркем кадрды көрсету үшін кейбір азамат дрон қолданып, құстарды үркітіп, видеоға түсіреді. Бұған заңмен тыйым салынған. «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» туралы заңның 14-бабы 3-тармағы 5-тармақшасына сәйкес, топтасып ұшатын құстардың мекен ететін аймағында 1 км төмен биіктікте дрондарды, тікұшақтарды ұшыруға рұқсат берілмеген. Ереже бұзғандарға 10 МРП айыппұл салынады. Бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл 20 МРП-ға дейін өседі»,– деді ол.

Комментарии