Ресейдің Алматыдағы консулдығы Қазақстан министрлігіне нота жолдады

166
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/CUsRu5qCzOF1SFlAcdWvkJt8PUkJnP1TOtKI7Ejb.webp

Фото: Instagram

Ресейдің Алматыдағы Бас консулдығы ресейлік рэпер Навай Бакировтың (Navai) қамауға алынуына байланысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне нота жолдады. Report агенттігінің ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлауынша, бұл туралы Ресей консулдығының баспасөз қызметінің өкілі мәлімдеген, деп хабарлайды “Адырна”.

«Біз Ресей азаматына қатысты жағдай бойынша ресми түсініктеме беруін сұрап, Қазақстан СІМ-іне нота жолдадық. Бас консулдық оқиғаның дамуын бақылап отыр», – деді ол.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ресей тарапының рэпер Navai-дің қамауға алынуына байланысты жолдаған нотасына байланысты түсініктеме берді.

Ведомствоның хабарлауынша, бұл – консулдық қызмет аясындағы стандартты тәжірибе. СІМ тиісті сұрауды еліміздің құқық қорғау органдарына жолдайтынын мәлімдеді.

Навай Бакиров 13 қазанда Қырғызстаннан Қазақстанға кіреберістегі «Қордай» шекара бекетінде ұсталған. Полиция мәліметінше, әртіс отырған көлікті тексеру кезінде есірткі заты табылған.

Сот оны қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Қазіргі уақытта іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Әншінің адвокаты Рена Керимованың айтуынша, Бакиров екі ай мерзімге қамауға алынған.

Комментарии