Бопсалау күдігімен. Бала-Трамптың бұрынғы қалыңдығы қызметінен кетті

189
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/JvXwHNvQkwohKQ1QVmvDf0F09dOR6WLYEhQ4Ghl0.jpg

АҚШ-тың Грекиядағы елшісі Кимберли Гилфойл дау-дамайға байланысты отставкаға кетті. Оған қызметтік өкілеттігін жеке мүддесіне пайдаланды және бопсалаумен айналысты деген айып тағылып отыр. Бұл туралы Euronews жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Гилфойл қызметінен кеткенін Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

«Америка Құрама Штаттарының Грекиядағы елшісі болу – өмірімдегі ең үлкен мәртебе. Маған әлем тарихындағы ең ұлы елдің атынан өкілдік етуге мүмкіндік бергені үшін президент Дональд Трамп пен Мемлекеттік хатшы Марко Рубиоға мәңгі ризамын», – деді ол.

Кіші Дональд Трамптың бұрынғы қалыңдығы елші қызметіне кіріскен алғашқы күннен бастап президенттің күн тәртібіндегі басымдықтарды ілгерілету үшін жұмыс істегенін айтты. Сондай-ақ дипломат өзіне қатысты дау-дамайға пікір білдірді.

«Жақында маған тағылған айыптарға да тоқталғым келеді. Бұл айыптаулар жалған. Мен өз атымды, абырой-беделімді және ар-намысымды қорғауға ниеттімін. Мен кәсіби өмірімді әділдік үшін күресуге, дұрыс деп санаған нәрсені қорғауға және Американы бірегей ететін құндылықтарды жақтауға арнадым. Жалған айыптаулардың мемлекеттік қызметтегі ондаған жылдық еңбегіме көлеңке түсіруіне жол бермеймін», – деп жазды ол.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэти Захария Гилфойлдың Трамп командасында айтарлықтай жұмыс атқарғанын атап өтіп, әкімшілік оған сәттілік тілейтінін жеткізді. Ақ үй бұл отставканың Трамптың үлкен ұлының бұрынғы қалыңдығының айналасындағы жанжалмен байланысты не байланысты емес екенін ресми түрде нақтылаған жоқ.

Комментарии