Киевтегі Солтүстік көпір тағы да соққыға ұшырады

68
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/8nXzw6ndKwWulRD7kZsKxXNx22NOuIHqI3yJGzJX.jpg

Фото: caliber.az

Ресей күштері Киевтегі Днепр өзені арқылы өтетін Солтүстік көпірге жаңа соққы жасады. Бұл туралы Киев қаласының мэрі Виталий Кличко мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

«Солтүстік көпірдің жол жабынына соққы тиді. Төтенше жағдайлар қызметтері оқиға орнына бара жатыр», – деді Кличко.

Жергілікті ақпарат арналары соққы сәті мен оның салдарын көрсететін бейнежазбалар жариялады.

3 қазанда Ресей әскерінің Украинаға жасаған соққылары салдарынан Киевтегі Солтүстік көпір зақымданды. Харьков облысында бес адам қаза тапса, Одесса облысында Либерия туы астында жүзген азаматтық жүк кемесіне соққы жасалды.

Украинаның УНИАН агенттігінің мәліметінше, Киевтегі көпірге жасалған соққыдан жол жабыны мен троллейбус байланыс желісі зақымданған. Сол жағалаудан оң жағалауға қарай қозғалыс уақытша тоқтатылды.

Киев мэрі Виталий Кличко соққы салдарынан екі адамның зардап шеккенін хабарлады. Олардың біріне медициналық көмек оқиға орнында көрсетілсе, екіншісі ауруханаға жеткізілді. Кейін ол амбулаториялық ем алуға ауыстырылған.

Ресей күштері Харьков қаласына да басқарылатын авиациялық бомбалармен соққы жасаған. Шабуылдан зардап шеккендер саны 42 адамға жетті. Олардың арасында үш бала бар.

Қаза тапқандар арасында 66 және 80 жастағы екі әйел болған.

Жалпы, бір тәулік ішінде Харьков облысында Ресейдің соққыларынан бес адам қаза тауып, 49 адам жараланған.

Одесса облысында жүк кемесі зақымданды

Сонымен қатар Ресей әскерінің соққысына Одесса облысындағы порттардың бірінде тұрған Либерия туы астындағы азаматтық жүк кемесі ұшыраған.

Украина теңіз порттары әкімшілігінің мәліметінше, шабуыл салдарынан кеме механигі қаза тауып, экипаждың тағы үш мүшесі жараланған.

Кемедегі 13 экипаж мүшесі қауіпсіз жерге эвакуацияланды.

Комментарии