Белгілі кәсіпкер Сырымбек Тау Құрылтайдың мәніне тоқталды

209
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/M2Bd3MAR5iJpaNt0zWSVNV3viVyfUu1qA8TQPjfU.webp

Белгілі кәсіпкер Сырымбек Тау құрылтайдың тарихи маңызына тоқталып, оның қазақ халқының бірлігі мен тұтастығын сақтаудағы рөлін атап өтті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Айтуынша, «құрылтай» ұғымы қазақ тарихында ерекше орын алады. Кәсіпкер 1726 жылы Әбілқайыр ханның бастамасымен өткен Ордабасы құрылтайын мысалға келтірді.

«Құрылтай сөзі өте әдемі, иә? Енді қарасақ, осыдан тура 300 жыл бұрын 1726 жылы Әбілқайыр хан Ордабасы құрылтайын жасаған. Ол биыл, мысалы, тура 300 жыл болды. Енді сол жерде жоңғарлар шапқыншылығына қарсы тұру үшін үш жүздің басын қосқан. Сондықтан біз ешқашан тарихи сәттерді ұмытпауымыз керек. Тарихи сәттерде жіберген қателігімізді, ұтқан жерімізді қарап отыруымыз керек»,–деді ол.

Комментарии