«Оңбаған болмаңдар!» Қазақстан елшісінің Ресей жастарына кеңесі

279
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/JTZKyDd9aOfAXjSSL9uPSbBfwpTnZlFfncKzk4A4.webp

Фото: urfu.ru

Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев Екатеринбургте өткен Халықаралық жастар фестиваліне қатысып, Қазақстаннан барған делегация өкілдері мен фестиваль қатысушылары алдында сөз сөйледі, деп хабарлайды "Адырна".

Фестивальде Қазақстан атынан елдің барлық өңірінен жиналған шамамен 100 адам қатысты. Жиын барысында Дәурен Абаев жастарға өзінің бірнеше кеңесін айтты.

Елші жастарға ең алдымен адамгершілік қасиетке мән беруге шақырды. Ол бұл ойын әдеттегіден өзгеше сөздермен жеткізді.

«Жастарға айтарым – бірнеше нәрсе ғана. Оңбаған болмаңдар. Дұрыс аударылады деп үміттенемін. Бұл – бірінші. Егер “жақсы адам болыңдар” десем, мұны, бәлкім, есте сақтамас едіңіздер. Бұл өте маңызды дағды, маңызды қасиет – оңбаған болмау», – деді Абаев.

Сонымен қатар ол студенттерге өз саласының кәсіби маманы болуға және әлеуметтік байланыстарын кеңейтуге кеңес берді.

Абаев өзінің студенттік жылдарын мысал ретінде келтірді. Оның айтуынша, ол кезде студенттік кәсіподақ комитетін басқарған, футбол ойнаған және КВН-ге қатысқан. Осы белсенділіктің арқасында таныстар ортасын едәуір кеңейткен.

Елшінің сөзінше, оқу аяқталғаннан кейін жаңа адамдармен танысуға және байланыс орнатуға уақыт азаяды. Сондықтан жастарға кәсіби білім алумен қатар, студенттік кездің өзінде әлеуметтік орта қалыптастыру маңызды.

Комментарии