Түркістанда халықаралық «VOICE OF TURAN – 2026» қазақ әндері фестивалі өтеді

179
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/0coP55ZCrH5EKSF4zar6UZLHfFzklwoADP5KdCbZ.jpg

2026 жылдың 25–26–27 қыркүйек күндері Түркістан қаласындағы «Керуен сарай» туристік кешенінде ашық аспан аясында Халықаралық «Voice of Turan – 2026» қазақ әндері фестивалі өтеді.

Фестиваль Түркістан облысы әкімідігің,  облыс әкімі Көшеров Нұралхан Оралбайұлының қолдауымен өтеді.

Халықаралық «Voice of Turan» қазақ әндері фестивалі – қазақ музыкасын және қазақстандық авторлардың үздік шығармаларын халықаралық деңгейде насихаттайтын, Түркістанның тарихи-мәдени келбетін әлемге танытатын ірі мәдени жоба. Биыл фестиваль 7-ші рет ұйымдастырылмақ.

Биылғы ән додасына Франция, Испания, Италия, Сан-Марино, Тунис, Венесуэла, Индонезия, Ватикан, Беларусь, Болгария, Тыва, Грузия, Армения, Мексика, Марокко, Куба, Гвинея, Қарачай Республикасы, Башқұртстан және Бразилия елдерінен келген әншілер қатысады.

Фестиваль аясында қолөнершілер ауылы, түркітілдес елдер дизайнерлерінің шеруі, түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып, түркі әлемінің танымал жұлдыздары бір сахнада бас қосады.

Фестивальдің басты мақсаты – Ұлы далада қалыптасқан ән өнерін әлемдік мәдени кеңістікке шығару, қазақ музыкасының халықаралық беделін арттыру және Түркістанды түркі дүниесінің рухани әрі мәдени орталығы ретінде кеңінен таныту.

Жобаның бас продюсері – Мейіржан Алиакбаров.

Қазылар алқасы және кеш қонақтары: Құрмаш Махан, Жұбаныш Жексенұлы, Сырым Исабаев, Ғәділбек Жанай, Серік Ибрагимов, Гүлсім Мырзабекова, Әли Өтенов және Мейіржан Алиакбаров.

Өтетін орны:  Түркістан қаласы, «Керуен сарай» туристік кешені

Өтетін күндері:  25–26–27 қыркүйек, 2026 жыл

Ұйымдастырушы: Түркістан облысының әкімдігі, мәдениет басқармасы

Комментарии