Құрылтай жанынан 50 адамнан тұратын Қоғамдық палата құрылмақ

339
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/3op8socABtjCXkn8VYOeKYPAjKs6nlwSBNKjdf4L.webp

Бүгін, 16 қыркүйекте бірінші шақырылымдағы Құрылтай жанынан Қоғамдық палата құру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қоғамдық палата депутаттардың сарапшылармен, ғалымдармен, азаматтық қоғам өкілдерімен, кәсіби бірлестіктермен және өңірлермен тікелей өзара іс-қимыл жасайтын тұрақты алаңына айналмақ. Мәліметке сәйкес, оның құрамына 50 адам енгізіледі деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ Палатаның негізгі міндеттерінің бірі заң жобаларына «нөлдік оқылым» кезеңінде қоғамдық және сараптамалық баға беру болатыны атап өтілді.

Бұл ең маңызды заңнамалық бастамалар бойынша балама ұстанымдарды, кәсіби бағалауларды, ықтимал ескертулер мен ұсыныстарды алдын ала ескеруге мүмкіндік бермек. Бұдан бөлек, Қоғамдық палата елдің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелерін талқылайды.

Жақын уақытта Құрылтай бюросы Қоғамдық палата туралы ережені бекітіп, оның құрамын айқындап, басшылық лауазымдарға тағайындалатын тұлғаларды анықтауы тиіс.

Комментарии