«Әділет» партиясы төрағасының орынбасары тағайындалды

80
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/mU2hPAE9N984pYwYMW2aiJEmiGG6k62xo86N1Dak.jpg

Асхат Оралов «Әділет» партиясы төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. Ол партияның жұмысты бақылау, талдау және бағалау бағыттарына жауап береді, деп хабарлайды "Адырна".

Оралов бұл қызметке дейін Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары болып жұмыс істеген. Ол аталған қызметті шамамен бір жыл атқарды.

Асхат Ораловтың партиялық жұмыста тәжірибесі бар. Бұған дейін «Жас Отан» және «Нұр Отан» ұйымдарында қызмет атқарған. 2022 жылы партияның атқарушы хатшысы болды.

2023 жылы мәдениет және спорт министрі қызметін атқарып, кейін Президент Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор болып жұмыс істеді.

Асхат Оралов Ақсу қаласында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын тәмамдаған. Философия докторы ғылыми дәрежесі бар.

Бұған дейін «Әділет» партиясы төрағасының орынбасарлары қызметіне Нұрсұлтан Байтілесов пен Эльдар Жұмағазиев тағайындалғанын жазған едік.

Комментарии