Кореялық компания Алатауда қонақ үй салады

92
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/3h9rkva6yxCrkZTlssfTbYLBabN0kfIPeA4327fD.webp

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапары барысында Lotte Group басқарма төрағасы Дон Бин Шинмен кездесті, деп хабарлайды “Адырна”. 

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Кездесу барысында Қазақстандағы қонақүй бизнесін дамыту және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Дон Бин Шин Lotte брендімен Алматы мен Алатау қалаларында қонақүйлер салу жоспарын таныстырды. Сонымен қатар компания өкілі Alatau City жобасын дамытуға, соның ішінде Iconic Complex кешенінің құрылысына қатысуға ниетті екенін жеткізді.

Кездесуде Lotte Group-тың Қазақстандағы тамақ өнеркәсібі, логистика және қонақүй бизнесі салаларына инвестиция салу жоспары да сөз болды.

Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев кореялық компанияның Қазақстандағы табысты жобаларына тоқталды. Атап айтқанда, «Рахат» брендін дамыту және Алматы мен Шымкент қалаларындағы өндірістік алаңдарды жаңғырту бағыттарындағы жұмыстар атап өтілді.

Lotte Corporation – 1967 жылы Сеулде құрылған ірі оңтүстіккореялық конгломераттардың бірі. Компания 60-тан астам кәсіпті біріктіреді.

Комментарии