Енді Kaspi.kz-те ЖҚЕ бұзудың видеосын көруге болады

186
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/i6GHDGiV97TzxzLSkr1Qt3LRwkcyzLzYSnpab9R4.jpg

Kaspi.kz Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен бірлесіп жаңа сервисті іске қосты. Енді клиенттер айыппұл салынған жол қозғалысы ережесін бұзу сәтінің видеосын көре алады.

Видеоны айыппұлды төлеу парақшасында сұратуға болады. Мемлекеттік орган сұрауды өңдегеннен кейін клиентке Kaspi.kz қосымшасында хабарлама келеді.

Видео қосымшада 7 күн бойы қолжетімді. Айыппұл төленгеннен кейін де видеоны төлемдер тарихынан көруге болады.

Жаңа сервис туралы толығырақ ақпарат — Kaspi Гидте.

Kaspi.kz миссиясы — сүйікті клиенттер мен серіктестердің өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен сервистер әзірлеу.

Kaspi.kz сервистерін Қазақстан мен Түркияда 26 миллионнан астам клиент және 1 миллионға жуық серіктес пайдаланады. Қазақстанда Kaspi.kz суперқосымшасы төлемдерді, электрондық коммерцияны, онлайн-супермаркетті, финтехті, саяхатты, хабарландыруларды, мемлекеттік қызметтерді және күнделікті қолданылатын басқа да сервистерді біріктіреді. Түркияда Kaspi.kz елдегі жетекші электрондық коммерция платформаларының бірі — Hepsiburada-ға иелік етеді.

Комментарии